Образование
12.09.2026
«Отбасы отбасыға көмектеседі»
Отбасы күнін мерекелеу аясында мектебіміздің еріктілері «Отбасы отбасыға көмектеседі» атты қайырымдылық акциясына қатысты.
Оқушылар қолдауды қажет ететін отбасыға қолдан келгенше көмек көрсетіп, шаруашылық жұмыстарына атсалысты және аула аумағын абаттандырды.
Қайырымдылық — бұл тек көмек қана емес, сонымен қатар мейірімділіктің, назар мен қамқорлықтың көрінісі.

